Палауға салған: Батыс Қазақстанда абақтыға телефон алып кірмек болған адам ұсталды

Бүгін, 10:58 / Алуа Арман
polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында 23 жастағы азамат тергеу изоляторында отырған танысына ұялы телефондарды заңсыз жолмен жеткізуге әрекет жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Анықталғандай, ол үш дана смартфонды ыстық тағам салынған ыдыстың ішіне жасырып, сәлемдеме арқылы өткізбек болған. Алайда мекеменің режим бөлімінің қызметкерлері тексеру барысында жасырылған құрылғыларды дер кезінде анықтады.

Тыйым салынған заттар тәркіленіп, аталған дерек бойынша азаматқа қатысты тергеудегілер мен сотталғандарға тыйым салынған заттарды жеткізуге әрекет жасау фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

№74 мекемесінің режим және күзет бөлімі азаматтарды белгіленген талаптарды сақтауға шақырады.

Тэгтер:

Түрме телефон Батыс Қазақстан абақты сотталу