«Қайықты шайқап, әдейі құлатқан»: Павлодарда әйелін Ертіске батырып өлтірген ер адам 15 жылға сотталды

Бүгін, 05:57 / Нұрлан Әлинұр
Pexels

Павлодарда әйелін өзенге батырып өлтіргені үшін ер адам 15 жылға сотталды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна хабарлауынша, сұмдық оқиға осыдан 2 жыл бұрын болған. Өзімен ажыраспақ болған әйелінің байлығына қызыққан ер адам онымен оны өлтірудің жолын іздеген.

"Ақыры әйелін романтикалық кешке шақырып, Ертіс өзенінде қайықпен серуендеуге апарған. Өзеннің ортасына жеткенде қайықты әдейі шайқап, оны өзенге құлатып жіберген. Суға батып бара жатқан әйелін құтқарудың орнына басынан басып, суға тұншықтарған. Осылайша ол әйелін абайсызда суға батып өлді деген қойылым қоймақшы болыпты. Бірақ, сотта оның бұл өтірігі әшкере болды. Ал әйелдің жеке меншігінде құны 125 млн теңге тұратын коммерциялық кәсіпорны болған. Мақсаты осы мекемеге ие болу болса керек", - деп хабарлайды телеарна тілшілері.

"Сот К-ны кінәлі деп танып, оған Қылмыстық кодекстің 99- бабы 2-бөлігі 8 тармағы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - деп пікір білдірді облыыстың соттың баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.