Флорида штатының губернаторы Палм-Бичтегі әуежайға АҚШ президенті Дональд Трамптың есімін беру туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы CBS телеарнасының жергілікті бөлімі мәлімдеді.
Олардың дерегінше, Америка әкімшілігі басшысының резиденциясы маңында орналасқан Палм-Бич әуежайы енді «Дональд Трамп атындағы халықаралық әуежай» деп аталмақ. Заң 1 шілдеден бастап күшіне енуі тиіс. Сонымен қатар, атауды өзгерту Федералдық авиация басқармасының мақұлдауын алуы қажет екені атап өтілген.