“Тұрсынбекті танығалы бері….”: Қыдырәлі Болманов Мөлдірдің туған күнінде өнер көрсетті (ВИДЕО)

31 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Кеше Мөлдір Мұқанова туған күнінін дүркіретіп атап өтті. Туған күн кешінде Қыдырәлі Болманов өнер көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Осыдан кейін әнші әлеуметтік желіде жазба жариялады.

“Астанаға көшіп келгелі, Тұрсынбекті танығалы бері Мөлдірді білемін. Қашан көрсем де, ағалап, ыстық ықыласын білдіріп, құрметін көрсетіп, туған қарындасымдай ақ ниетін алдымызға жайып жүретін, ниеттес, тілектес жандардың бірі. Мөлдірдің аға-апалары да сондай сыйлап, құрметін білдіріп тұрады. Алла разы болсын! Мөлдіржан, маған деген сый-құрметің қандай болса, мейірімді Алла саған да солай мейіріммен қарасын! Тілегіңді қабыл етсін, Мөлдір! Алла жайнап өсіп келе жатқан құлыншақтарыңның бақытын көруді нәсіп етсін!”, – деп жазды Қ. Болманов.

Тэгтер:

әнші Қыдырәлі Болманов Мөлдір Мұқанова