ҚТЖ Астана-Петропавл бағытындағы пойызда болған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады

31 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Астана-Петропавл бағытындағы пойыздың дәретханасы “жарылып”, жолаушыға нәжіс шашыраған. Осыдан кейін пойыз басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Stankznews сайтының жаузынша, қыз дәретхананы пайдалану үшін кабинаға кіргенде биодәретхана ішіндегі заттар шашырап, төбе мен қабырғаларға, сондай-ақ қыздың киіміне де тиген.

Пойыз басшысы істі жасыруға тырысып, қыздан ешқандай шағымым жоқ деп қолхат жазып беруді сұраған.

“Қазақстан темір жолы” компаниясы оқиғаға қатысты тексеріс жүргізілгенін хабарлады.

“Аталмыш дерек бойынша пойыз бригадасының әрекеттеріне қызметтік тексеріс жүргізілді: вагонның санитарлық жағдайын тиісті бақыламағаны үшін пойыз басшысы қызметінен босатылды, учаске бастығына қатаң сөгіс жарияланды", – делінген ҚТЖ хабарламасында.

Тэгтер:

Пойыз дәретхана