Еспановтар отбасы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы журналист Анна Данченко әлеуметтік желіде жазды.
“Былтыр ұлын үйлендіріп, дүркіретіп той жасаған танымал сазгер әрі әнші бұл қуанышты да ерекше атап өтеміз дейді. Бір қызығы, дәл осы күні 31.03.2025 Олжас сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған еді. Енді, міне жас отбасы жағымды жаңалықпен бөлісіп отыр. Құттықтаймыз!”, – деді журналист.
Қуаныш иелері тілшіге сұхбат беріп те үлгерген.
“Негізі ешкімге айтқан жоқ едік. Ата-анамызға шағын тосын сый ретінде торт арқылы жеткіздік. Кейін жақындарымыз хабардар бола бастады”, – деді Еспановтың ұлы.