Елордалық дзюдошы Еуропа кубогінің қола жүлдегері атанды

Бүгін, 14:20 / Інжу Әлихан
Астана әкімдігі

Хорватияның Дубровник қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Еуропа кубогының жарысы өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан намысын қорғаған астаналық спортшы Тұрсынақынова Толқын сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биылғы додаға әлемнің 32 елінен 305 спортшы қатысып, күштерін сынады.

+78 келі салмақ дәрежесінде белдескен ол қарсыластарын жеңіп, нәтижесінде үшінші орынға тұрақтап, қола жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, халықаралық турнир 31 наурызға дейін жалғасады.