125 млн теңгелік мүлікті иелену үшін: Павлодарда ер адам әйелін өзенге батырып өлтірген

31 наурыз, 2026 / Алуа Арман
istockphoto.com

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты пайдакүнемдік ниетпен әйелін өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотталушы мен оның жұбайының арасында құны 125 миллион теңгеден астам коммерциялық кәсіпорынның меншігіне байланысты ұзақ уақыт бойы мүліктік жанжал болған. Әйел некені бұзу туралы шешім қабылдаған. ЖШС жұбайының меншігі болғандықтан сотталушы неке бұзылған жағдайда мүліксіз қаламын деп ойлаған.

2024 жылдың тамыз айының ортасында сотталушы әйелін өлтіріп, оны судағы жазатайым оқиға түрінде көрсетпек болған. Кейін әйелінің атына тіркелген ЖШС-ны мұрагерлік тәртіпте алмақ болған.

Сотталушы өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асырып, әйелімен бірге өзеннің «Михайловна» арнасымен Ақсу қаласына жоғары қарай бет алған кезде, әйелі қайықтың шетінде отырғанда кенеттен қайықты тербеткендіктен,  соңғысы тепе-теңдігін жоғалтып, суға құлап кеткен. Осыдан кейін сотталушы оның шашынан ұстап, судың астында ұстап, судың бетіне қалқып кетуіне жол бермей, суға батырып жіберуге бағытталған әрекеттерді жасаған.

Сотталушының заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде әйел тыныс алу жолдарының сумен жабылуынан туындаған механикалық асфиксиядан сол жерде қайтыс болды.

Сотта жәбірленушілер оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы пайдакүнемдік ниетпен адам өлтірудегі кінәсін мойындаған жоқ, ол және оның қорғаушылары ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сот жауаптылықты және жазаны жеңілдететін мән-жайларды — соттылығының болмауын, әріптестерінің жағымды мінездеме беруін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оныны кінәлі деп танып, оған ҚК-нің 99-б. 2-б. 8) т. бойынша 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тэгтер:

Павлодар Сот мүлік Қайық Ажырасу үкім