Түркістанда ойын бизнесінен түскен 21 млн теңге заңсыз табыс мемлекет пайдасына тәркіленді

31 наурыз, 2026 / Алуа Арман
istockphoto.com

Сарыағаш ауданының тұрғыны ойын бизнесі саласында заңсыз қызметті ұйымдастырған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол бірнеше үй-жайды жалға алып, онда ойын автоматтарын орнатқан және интернет арқылы тыйым салынған құмар ойындарға қолжетімділікті қамтамасыз еткен. Заңсыз қызметтен түскен жалпы табыс 20,9 млн теңгеден астам соманы құраған.

Үкіммен оған бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда, заңсыз алынған табыстың тағдыры шешілмеген.

Жоғарғы Соттың түсіндірмелеріне сәйкес, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған табыс кінәлі адамнан алынуға және мемлекет пайдасына өндірілуі  тиіс.

Бұл ереже қандай да бір шығыстарды шегермей, тауарларды (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өткізуден алынған қаражаттың барлық сомасына қолданылады.

Бас прокуратураның кассациялық тәртіппен енгізген наразылығы бойынша сот актілері өзгертілді.

Сотталған адамнан ойын бизнесін ұйымдастырудан түскен заңсыз табыс — 20,9 теңге мемлекет пайдасына өндірілді.

Тэгтер:

құмар ойын Тәркілеу заңсыз табыс