Өмірімдегі ең үлкен сый: Селин Дион сахнаға қайта оралатынын хабарлады

Бүгін, 19:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: Jordan Strauss/Jordan Strauss/Invision/AP

Әлемге әйгілі канадалық әнші Селин Дион ұзақ үзілістен кейін сахнаға қайта оралатынын мәлімдеді. Ол бұл жаңалықты 58 жасқа толған күні жариялап, «өмірімдегі ең үлкен сый» деп атады, деп хабарлайды turkystan.kz euronews.com-ға сілтеме жасап.

Әнші әлеуметтік желідегі бейнеүндеуінде денсаулығының жақсарғанын айтып, 2026 жылдың қыркүйегінен бастап Париж қаласында концерттер беретінін жеткізді. Жоспар бойынша, ол 5 аптада 10 концерт бермек.

Селин Дион 2022 жылдың желтоқсанында өзіне сирек кездесетін Stiff Person Syndrome диагнозы қойылғанын жариялаған еді. Бұл ауру бұлшықеттердің қатайып, қозғалыстың шектелуіне әкеледі. Осыған байланысты әнші барлық концерттерін белгісіз мерзімге тоқтатуға мәжбүр болған.

2024 жылы шыққан I Am: Celine Dion деректі фильмі оның денсаулық жағдайы мен сахнадан тыс өмірін жан-жақты көрсетті. Сол жылы ол 2024 жылғы Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өнер көрсетіп, жанкүйерлерін қуантқан болатын.

Әнші өзінің толыққанды оралуына сенімді екенін айтып, жанкүйерлерімен қайта қауышуды асыға күтетінін жеткізді.

Тэгтер:

Селин Дион