Ұлттық ұлан сарбаздары жол апатынан зардап шеккен азаматқа көмек көрсетті

Бүгін, 11:47 / Алуа Арман

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5516 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен азаматқа дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға кешкі сағат 20:30 шамасында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызмет атқару кезінде орын алған. Патрульдеу барысында әскери қызметкерлер автокөлік қағып кеткен азаматты байқап, бірден оқиға орнына жетті.

Ұландықтар уақыт жоғалтпай, зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның жағдайын бақылауға алды. Сонымен қатар жедел медициналық жәрдем қызметін шақырып, мамандар келгенге дейін қажетті көмекті көрсетті.

Аталған іс-шара барысында қатардағы жауынгерлер — Афанасьев Данил Владимирович, Аверин Илья Владимирович және Қуанышбаев Алдияр Мұратбекұлы кәсіби шеберлік пен жедел әрекет етудің жоғары деңгейін көрсетті.

Олардың батыл әрі жауапты әрекеттерінің арқасында зардап шеккен азаматқа дер кезінде көмек көрсетіліп, оның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Тэгтер:

Көмек Жол апаты Ұлттық ұлан сарбаз