Атырауда браконьерлерден 513 келі балық тәркіленді

Бүгін, 11:19 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атырау облысы прокурорының тапсырмасы бойынша қоршаған ортаны қорғау бағытына жауапты мемлекеттік органдар бірнеше мобильдік топ құрды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мобильдік топтар 10 қызметтік автокөлікпен, 2 аэрокайықпен, 5 квадрациклмен, дрондармен және басқа да арнайы техникалармен қамтамасыз етілді.

Бүгінде заңсыз ауланған 513,6 кг балық, 57 дана балық аулау құралдары және 5 мотокөлік тәркіленді.

Нәтижесінде 36 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 1 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ата заңымыздың 38-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті.

Қылмыстық кодекстің 335, 339 және 339-1-баптарына сәйкес 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген!

Тэгтер:

Атырау балық браконьер Тәркілеу