Маңғыстау облысының прокуратурасы инватакси қызметтерін көрсету кезінде заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Облыс прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталу заңдылығына тексеріс жүргізді.
Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының қолданыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын өрескел бұзғаны анықталды.
Бөлім инватакси көлігінің қызметі үшін артық сағаттарды есептей отырып, қызмет көрсетушіге негізсіз ақы төлеген.
Мемлекетке келтірілген 5,3 млн тг залалды қайтару шаралары қабылданды.
Прокуратураның актісімен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімі негізінде Бөлім басшысы қызметке толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.