Алматы маңында автобус пен пойыз соқтығысты

Бүгін, 06:08 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Алматы облысында теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысып, салдарынан алты адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды "Қазақпарат".

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, жол-көлік апаты Боралдай кенті маңында болған.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, Алматы - Боралдай - Шамалған станциясы бағытындағы автожолдағы теміржол өткелінде жол ережесін бұзған маршруттық автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, көмір станциясынан шыққан пойыз өткел арқылы қозғалып келе жатқан. Маршруттық автобустың жүргізушісі жол бермей, соқтығысуға жол берген.

Қазір бұл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.