Италияда музейден танымал картиналар ұрланды

30 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы
ашық дереккөз

Парма маңындағы Маньяни-Рокка қорының жеке музейінен әйгілі импрессионистердің үш картинасы ұрланған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар: Пьер Огюст Ренуардың кеш кезеңіне жататын «Балықтар» туындысы, Поль Сезаннның қарындашпен және акварельмен салынған «Шие қосылған натюрморт» шығармасы және Анри Матисстің «Террасадағы одалиска» акварелі. Бұл туралы DW жазады.

Полиция мәліметінше, ұрлық 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні жасалған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Хабарланғандай, беттерін капюшонмен жасырған ұрылар кіреберіс есікті бұзып кіріп, небәрі үш минуттың ішінде бақ арқылы сурет өнерінің жауһарларын алып қашып кеткен. Ұрланған туындылардың құны бірнеше миллион еуроға бағаланып отыр.

Тэгтер:

Италия музей картина