Әнші Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы жоғалып кетті

30 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Баир Сиқымбаев бір апатадан бері табылмай жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Бір аптадан бері Баирдан хабар жоқ. Ол дауысы ерекше, көрікті, талантты, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнар Сиқымбаеваның жалғыз ұлы екен. Енді Баир қайда жүр екен? Келіншегі журналистерден көмек сұрапты. Менің қырағы оқырмандарым, әншінің жалғыз ұлын бірге іздейік. Мына ақпаратты бөлісіңіздер, көпшілікке таратып, суреттегі азаматты көрсеңіздер хабарласыңыздар. Жұдырықтай жұмылып іздейікші. Оның анасы фейсбукте парақшама жиі пікір жазып отыратын. Марқұм әншіні 27 наурызда жұртшылық туған күнімен құттықтап жатты.  Олар өнер иесінің екі жыл бұрын мәңгілік мекеніне кетіп қалғанын естімеген шығар деп ойладым. Көзінің қарашығындай Баиры үйіне аман-есен оралсыншы деп тілеймін", - деп жазды журналист.

Тэгтер:

әнші журналист Гүлнар Сиқымбаева Баир Сиқымбаев