"Тыныштық па?": Азамат Сатыбалды жазған мәтін көрерменді ойландырып қойды

30 наурыз, 2026 / Өтей Торғайұлы

Актер Азамат Сатыбалды әлеуметтік желіде тосын жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол өзінің пенде екенін және әлдекімге зияны тисе кешірім сұрайтынын айтқан.

"Пендемін... Абайсызда біреуді ренжітсем, тілім тиіп кетсе, жалына кешірім сұраймын. Ал мені ренжіткендерге еш өкпем жоқ. Бәріңді жақсы көремін", - деп жазды актер.

Бұл жазба көрермендерді ойландырып тастаған. Олар авторға түрлі сұрақ қойып, не болғанын білуге ұмтылған.

"Бәрі дұрыс па, әйтеуір?", "Тыныштық па?", "Ойбай, аға! Не болып қалды?", "Мен де депрессия кезінде сөйтіп айта беретін боппын... Аман жүріңіз!", - деп жазды желі қолданушылары.

Тэгтер:

Актер Азамат Сатыбалды