"Жарияламайды деп ойладым": Сәкен Майғазиевтің отбасында тағы бір қуанышты жаңалық

Бүгін, 20:07 / Өтей Торғайұлы

Майғазиевтер әулеті сәби күтіп жүр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мұндай қуанышты жаңалық туралы әлеуметтік желіде Анна Данченко жазды.

"Құдай қаласа Әділет пен Адия ата-ана, Сәкен мырза мен Динара ханым ата-әже атанатын күн алыс емес.  Өте жарасымды жұп. Көз тимесін!", - деп жазды ол.

Сондай-ақ оған әншінің ұлы Әділет сұхбат берген.

"Мен гендер-пати дегендерді ұнатпаймын. Бірақ жұбайымның қалауы, гештальті болды. Сондықтан түсірдік. Негізі жарияламайды деп ойлағанмын. Жариялап қойыпты. Бірақ ештеңе етпес. Онда тұрған ештеңе жоқ", - деді Әділет.

Тэгтер:

әнші Сәкен Майғазиев