«785 теңгеге жүргізуші куәлігін алып беремін»: Семейде алаяқ ұсталды

Бүгін, 17:09 / Алуа Арман
Абай облысының Полиция департаменті

2025 жылдың желтоқсанында Семей қаласының 21 жастағы тұрғыны алданғанын айтып, полицияға жүгінген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның айтуынша, бейтаныс  ер адам жүргізуші куәлігін алуға көмектесемін деп уәде беріп, 785 000 теңге көлемінде ақшасын иемденген. Ақша алынғаннан кейін уәде етілген қызмет көрсетілмеген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Криминалдық полиция қызметкерлері  аталмыш қылмысты жасаған деген күдікке ілінген  Бородулиха ауданының 23 жастағы тұрғынын анықтап, полиция басқармасына жеткізді.

Аталған факті бойынша алаяқтық бабымен алдын ала тергеу жүргізілуде. Күдіктінің әрекеті бойынша оған келуге міндеттеу шарасы таңдалды.

Полиция еске салады: кез келген «жылдам» құжат алу ұсыныстары заңсыз және қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін.

Тэгтер:

Алаяқ Семей жүргізуші куәлігі алдау