Ұлттық ұланның 5512 әскери бөлімінің әскери жасағы патрульдеу кезінде пышақ қолданып, жанжалдасқан азаматтар тобын ұстады. Оқиға Павлов көшесінде, теміржол вокзалының жанында орын алған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ертілек Мергембаев пен патрульші Бақұлан Хамитхан оқиға орнына жеткенде бұзақылар жасырынуға тырысқан. Алайда әскери қызметшілер жедел әрекет етіп, шолдарында пышақтары бар екі күдіктіні ұстады.
— Күдіктілер мас күйде бір-біріне пышақ сермеген. Жекпе-жек тәсілдері арқасында мен құқық бұзушыларды жылдам залалсыздандыра алдым. Бірінші кезекте сол маңдағы азаматтардың қауіпсіздігі туралы ойладым. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ, - дейді қатардағы жауынгер Ертілек Мергембаев.
Шапшаң қабылдағанған шаралардың нәтижесінде екі азамат ұсталды. Тексеру барысында олардан екі пышақ тәркіленді.
Болған оқиға туралы ақпарат кезекші желі арқылы дереу баяндалды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.