Әлеуметтік желідегі қысқа видеоларға тәуелділік жалқаулықтан емес – зерттеу

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Қысқа видеоларға тәуелділік адамның жалқаулығынан емес, ішкі мазасыздық пен қабылданбай қалудан қорқудан туындайды. Мұндай қорытынды Frontiers in Psychology журналында жарияланған зерттеуде айтылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ғалымдардың мәліметінше, адамдардың TikTok пен Reels-ке "жабысып" қалуының басты себебі тәуелді мазасыздық болып отыр. Бұл – адамның өзін біреудің тастап кетуінен немесе қоғамнан шеттетілуден қорқуы.

Зерттеу барысында тағы екі маңызды фактор анықталған. Біріншісі – бір нәрсеге ұзақ ден қоя алмау, екіншісі – алекситимия, яғни адамның өз эмоцияларын түсініп, сипаттай алмауы.

Мамандардың айтуынша, бұл факторлар өзара байланысты. Алдымен мазасыздық деңгейі артады, соның салдарынан адам зейінін жоғалтады. Кейін эмоцияларын түсіну қиындап, нәтижесінде ол қысқа видеолар арқылы өзін тыныштандыруға тырысады.

Зерттеушілер мұндай мінез-құлықты жай әдет емес, психологиялық қорғаныс механизмі ретінде қарастырады.

Сарапшылардың пікірінше, бұл мәселемен күресте тек экран уақытын шектеу жеткіліксіз. Тиімді шешім ретінде зейінді дамыту мен эмоцияларды тану дағдыларын жетілдіру ұсынылады.

Тэгтер:

зерттеу Әлеуметтік желі жалқаулық қысқа видео