Қарағанды мен Шымкент арасында тікелей әуе рейстері іске қосылады

Бүгін, 11:21 / Інжу Әлихан
Қарағанды облысының әкімдігі

SCAT әуе компаниясы Қарағанды мен Шымкент қалалары арасында тікелей әуе қатынасын ашады. 26 мамырдан бастап жолаушылар жаңа бағытты пайдалана алады – билеттер сатылымға шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Рейстер тұрақты түрде аптасына екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері орындалады. Сейсенбі күндері Қарағандыдан ұшу уақыты 09:00-ге жоспарланған, ал бейсенбіде – 23:00-де. Ұшу ұзақтығы 2 сағат 15 минутты құрайды. Жолаушыларды Boeing 737 әуе кемесі тасымалдайды.

Билеттердің бағасы 27 463 теңгеден басталады.