Ұлытауда құмар ойынға бәс тіккен 36 мемлекеттік қызметкер анықталды

Бүгін, 11:20 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ұлытау облысының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылғаны анықталды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң (12-б. 1-т. 6) тт.) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сеніміне нұқсан келтіретіндіктен мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға қатысуға тыйым салады.

Талдау барысында 36 мемлекеттік қызметші, оның ішінде 10 басшы, «Olimpbet» және «1XBET» букмекерлік компанияларында бәс тіккені белгілі болды.

Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесімен мемлекеттік қызметшілер қызметінен босатылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы прокуратура органдарының тұрақты бақылауында тұрады.

Тэгтер:

құмар ойын Ұлытау облысы бәс тігу