Алматыдағы Бутаковка шатқалында жаңа «Бұтақты» визит орталығы ашылды. Жоба Іле-Алатауы ұлттық паркімен серіктестікте, Алматы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жаңа орталық аумағында:
• тамақтану орны
• тимбилдинг пен шебердің сабақтарына арналған аймақ
• ашық аспан астындағы білім беру және мәдени бағдарламалар алаңы
• ұлттық саябақққа тиесілі кәдесыйлар мен фирмалық өнімдер дүкені, жаңартылған навигация
• заманауи санитарлық нысандар бар
«Бұтақты» визит орталығы табиғат аясындағы демалысты жайлы ғана емес, жауапты, танымдық әрі экологиялық мәдениетке негізделген форматта ұйымдастыруға бағытталған жаңа кеңістік.