Атырау вокзалында такси жүргізушісі жолаушыға пышақ сұққан

Бүгін, 09:28 / Алуа Арман
istockphoto.com

Атырау теміржол вокзалында қалааралық такси жүргізушісі мен жолаушы арасында жанжал болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, 28 наурыз күні ер адамдар арасында алдымен ауызша жанжал туындап, кейін ол төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде жүргізуші жолаушыға пышақ жарақатын салған.

Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оның жағдайы туралы ақпарат жоқ.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаны растады және қазір сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Атырауда такси жүргізушісі мен жолаушы арасындағы жанжал фактісі бойынша “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Атырау жүргізуші Такси теміржол жолаушы вокзал