Тұрғындарды 200 млн теңгеге алдап кеткен ерлі-зайыптылар ұсталды

Бүгін, 09:23 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

ІІМ криминалдық полиция департаментінің қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 40 жастағы ер адам мен оның 45 жастағы жұбайын Жамбыл облысының аумағында құрықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктілер сенімге кіре отырып, түрлі сылтаумен Астана және Семей қалаларының тұрғындарының шамамен 200 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында іздеуде жүргендердің ұзақ уақыт бойы Жамбыл облысындағы елді мекендердің бірінде таныстарының үйінде жасырынғаны анықталды.

Қазір ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.