Бауыржан Артықов қызметінен босатылды

Бүгін, 09:10 / Алуа Арман
gov.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Бауыржан Шұбайұлы Артықов «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жалпы ақпарат, білімі

1973 жылы 4 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Самсоновка ауылында туған.

1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының № 24 орта мектебін тәмамдады.

1) 1993 жылы – ҚР ҚК кіші офицерлері курсы (Мотоатқыштар әскерлерінің офицері);

2) 1994 жылы – Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесі;

3) 2006 жылы – «Қайнар» университеті (Педагогика және психология);

2008 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (Әскери және әкімшілік басқару);

4) 2019 жылы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті (Әскери істегі стратегиялық менеджмент).

II дәрежелі «АЙБЫН» орденімен, мерейтойлық медальдармен және "мінсіз қызметі үшін" медальдарымен наградталған.

Мансабы

1991 жылдан 1993 жылға дейін мерзімді әскери қызмет атқарды.

Взвод командирінен бастап Десанттық - шабуылдау әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары-штаб бастығына дейінгі лауазымдарда әскери қызмет атқарды.

02. 2023-дан бастап 02.2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы болды.

2024 жылғы 5 ақпанда Мемлекет басшысының Өкімімен "Батыс"өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

II дәрежелі «АЙБЫН» орденімен, мерейтойлық медальдармен және "мінсіз қызметі үшін" медальдарымен наградталған.

Тэгтер:

қолбасшы Бауыржан Артықов