Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 08:28 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

30 наурызда Алматы, Астана, Павлодар, Теміртау, Қарағанды қалаларында, сондай-ақ түнде Қостанай және Атырау қалаларында ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.