Петропавлда Есіл өзені бойындағы «Учитель-3» саяжай қоғамы маңында ер адам жұқа мұзға түсіп кеткен.
Оның даусын кездейсоқ куәгер естіп, 112 нөміріне хабарлаған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар зардап шегушіні бүгін алғаш рет кезекшілікке шығарған аэроқайықтың көмегімен жылдам құтқарды.
Ер адам дәрігерлік тексерістен кейін үйіне жеткізілді.