«Құдағиды алып қашуға дайынмын»: Қайрат Әділгерей тойда әзілдеймін деп, сынға қалды (ВИДЕО)

29 наурыз, 2026 / Нұрлан Әлинұр
Коллаж: turkystan.kz

Қазақстандық танымал әншілер Жанболат пен Жазираның ұлы Қазыбектің үйлену тойы желіде қызу талқыға түсті. Мерекелік кешті жүргізген актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей көпшіліктің сынына ұшырады, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Той барысында асаба келіннің анасына қатысты айтқан әзілінен кейін желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Ортаға шыққан құдағи – жеті баланың анасына қарата айтылған «көшеде көрсем алып қашуға дайынмын» деген сөзі орынсыз әзіл ретінде қабылданған.

Желіде тараған пікірлерде оқырмандар асабаның бұл сөзін сынға алып, оның жүргізушілік мәдениеті мен әдебі төмен болғанын жазған.

«Қайратты таңдағанына таңғалып тұрмын», «Жүргізе алмады, артық сөздері көп», «Шектен шықтың, ұят болды» деген сынды пікірлер жиі кездеседі.