Еркебұлан Тоқтардың анасы ұлы туралы әсерлі естелігімен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оның айтуынша, Еркебұлан 1995 жылдың 29 желтоқсанында дүниеге келген. Ол — отбасындағы шетінеп кеткен ұлынан кейін көптен күткен перзент болған.
«Туғанынан өте салмақты болды. Бізді жылап шаршатпайтын. Өзінен кейін туған Әділ-Еріме бірден қамқор болып өсті. Кішкентайынан еңбекке жақын еді. Бес жасында шанамен қасымда жүріп, үйге 25 келілік ұн таситын», — деп еске алды анасы.
Сондай-ақ ол ұлына деген ақ тілегін жеткізіп, жүрекжарды лебізін білдірді.
«Жаным балам, Алланың көзі тура болсын. Сен біз үшін ең қымбатты, ең мықты, ең құрметті ұлсың. Саған екі дүниеде де ризамыз. Денің сау болып, аман-есен күліп-ойнап жүруіңді Алла нәсіп етсін. Екі дүние бақытын берсін», — деп жазды ол.
Бұдан бөлек, Еркебұланның анасы ұлы үшін 15 келі салмақ тастау оңай болмағанын да атап өтті.