Атырау облысының аумағынан дронға ұқсас бөлшектер табылды

Бүгін, 18:50 / Нұрлан Әлинұр

Атырау облысында ұшқышсыз аппараттың сынықтарына ұқсайтын заттар анықталғаны белгілі болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, бұл дерек бойынша тексеру басталған. Жұмысқа уәкілетті қызметтер тартылды.

Атырау облысы Полиция департаменті уәкілетті органдармен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылуына қатысты тексеру жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс жерде анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, – делінген ведомствоның хабарламасында.