Ақтөбе облысындағы мектеп оқушысының өлімі: үш күдікті ұсталды

Бүгін, 14:02 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Шалқар қаласында 17 жастағы Әлихан Жәнібектің өліміне қатысы бар деген күдікпен үш адам қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, оқиға куәгерлері мен басқа да қатысушылары анықталды.

"Қазіргі уақытта үш күдікті анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысты ашу үшін тәжірибелі тергеушілер мен жедел қызметкерлерден құралған тергеу тобы құрылды", - дейді полицейлер.

17 жастағы мектеп оқушысының өлімі бойынша адам өлтіру және бұзақылық баптары бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Айта кетері, Әлихан Жәнібек жаппай төбелес кезінде пышақ жарақатынан көз жұмды.