Түрік телехикаяларының жұлдызы, танымал актриса Ханде Эрчел Стамбұл әуежайында ұсталды. Ол бұған дейін есірткі пайдаланды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Cumhuriyet газеті.
"Белгілі актриса Ханде Эрчел жұма күні Стамбұлға қайтып оралған. Ол әуежайда ұсталып, сотқа куәлік берген. Қазір оны есірткіге тексеру үшін сотмед сараптама басқармасына апарды", - делінген мақалада.
Sözcü газетінің жазуынша, дәл осы іс бойынша ұсталған бизнесмен Хакан Сабанджи өзі де, Ханде Эрчел де еш уақытта есірткі қолданбағанын мәлімдеген.