Астанада ойын-сауық орталықтарының бірінде жаппай төбелес болды

Бүгін, 19:10 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Астанада сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде жаппай төбелес болды.

"102 арнасына бір топ жастың сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде төбелесіп жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды ұстап, оларды Сарыарқа аудандық полиция бөліміне жеткізді", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша жауаптылар жауапқа тартылады.