Руслан Курбанов Олимпиада чемпионын жеңіп, Астанадағы әлем кубогынің жартылай финалына шықты

Бүгін, 18:38 / Нұрлан Әлинұр
Спорт комитеті

Семсерлесуден Ұлттық құрама спортшысы Руслан Курбанов Астана қаласында өтіп жатқан әлем кубогының 1/4 айналымында қарсыласын жеңді. Отандасымыз жартылай финал жолдамасын Париж Олимпиадасының 2 дүркін чемпионы (жекелей және командалық сайыста), әлем чемпионы Коки Каномен сарапқа салды. Бұл айқас 9:8 есебімен аяқталды.

Енді Руслан келесі жекпе-жекте Мажарстан өкілі Давид Надьпен күш сынасады.

Айта кетейік, бүгін кешке сапы бағдарламасында ерлер мен әйелдер арасындағы жүлдегерлер белгілі болады. Ал ертең шешуші жарыс күні командалық сайыс өтеді.