Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина әлем чемпионатында мансабындағы ең үздік нәтижесін көрсетті

Бүгін, 11:01 / Нұрлан Әлинұр
Фото: ҰОК

Прагада (Чехия) өткен әлем чемпионатының әйелдер арасындағы жарысында Қазақстан атынан Софья Самоделкина өнер көрсетті. Қысқа бағдарламадан кейін ол 12-орында тұрған, деп хабарлайды olympic.kz.

Еркін бағдарламада Софья 120,58 ұпай жинап, жалпы есепте 187,53 ұпаймен жарысты 12-орынмен аяқтады.

Алтын медальді жапониялық Каори Сакамото иеленді (238,28 ұпай), екінші орынға тағы бір жапониялық Моне Чиба (228,47 ұпай), ал үздік үштікті бельгиялық Нина Пинцарроне (215,20 ұпай) түйіндеді.