«Екі рет үйленбек болдым...»: Медеу Арынбаев жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Бүгін, 09:38 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Әнші Медеу Арынбаев отбасылық өмірі жайлы сыр шертіп, көпшілікке белгісіз жайттарды бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі Таңшолпан бағдарламасында қонақ болып, жеке өміріне қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берген. Оның айтуынша, жұртшылық тарапынан «қашан үйленесіз?» деген сауал жиі қойылады.

«Кейде әуежайда, кафеде, тіпті көшеде кездесіп қалған апаларымыз "қашан үйленесің, қашанғы жалғыз жүресің?" деп сұрайды. Сондай кезде кейде "апау, мен үйлендім ғой. Естімедіңіз бе? Екі рет үйленіп, екінші рет ажырасып кеттім ғой" деп әзілдеймін. "Солай ма? Білмеп едім" деп жатады», – дейді әнші.

Сондай-ақ ол үйлену мәселесіне қатысты ойын ашық жеткізді.

«Үйлену туралы айтар болсақ... бекерге айтпаймын ғой, болмады. Расын айтқанда, бір емес, екі рет болған. Бірақ жүзеге аспады», – деген өнер иесі. 

Әлеуметтік желі қолданушылары әншіге қолдау білдіріп, ақ тілектерін жаудырып жатыр.