«Қазгидромет» РМҚ бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болатынын хабарлады.
Кең ауқымды антициклон әсерінен, Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктердің болжауынша, кей өңірде ауа райы қолайсыз болады. Еліміздің батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстікте көктайғақ болып, батыста, оңтүстікте, шығыста, орталықта — жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Еліміздің біраз өңірін тұман басады.