"Жылап алдым!": Әнші Алтынай Жорабаева қызының тойына дайындалып жатыр

Бүгін, 23:26 / Өтей Торғайұлы

Әншінің екінші қызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасаған. Бұл туралы Алтынай Жорабаева журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Алтынай Жорабаева да құдағи болуға дайындалып жүр. Танымал әншінің екінші қызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады", - деп жазды журналист әлеуметтік желіде. 

Өнер иесі әуелде үлкен қызы үшін алаңдағанын, алайда балалары бір-бірімен сөйлесіп, бір-бірін қолдағаннан кейін бұл жаңалықты толқыныспен қабылдағанын жасырмады.

"Екі қызымның арасы екі жас. Кішісі әпкесінің рұқсатын алыпты. Үлкен қызым оған бақыт тілеп, өзінің де жолы ашылатынына сенім білдірген. Мұны естігенде жылап алдым! Негізі қыздарыма асықпауға, аяққа тұрып алуға кеңес бергенмін. Бірақ бұйрық осылай болыпты. Алла сол күнге жеткізсін", - деді әнші.

Тэгтер:

әнші Алтынай Жорабаева