"Шынымды айтамын деп, сырымды айтыппын": Дариға Бадықова желі қолданушыларын ойландырып қойды

Бүгін, 22:16 / Өтей Торғайұлы

Танымал актриса Дариға Бадықова алдағы уақытта көпшілікке жаңалығымен бөлісетінін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл жайында ол әлеуметтік желіде арнайы жазба қалдырды.

"Айтатын жаңалық көп. Бір уақыты келер "осындай жағдайлар болған" деп ше... Не көрмедім десем. "Шынымды айтамын деп, сырымды айтып қойыппын" болмайын құрсын. Не нәрсе болса да ішімде ғой. Айтсам да, маған жандарыңыз ашымауы мүмкін. "Ойй, бұл - пысық, тірлігі бар" деп. Пысықтардың да, жүрегі бар. Тек құрбан болғанды ұнатпайды. Себебі маған адамдардың аянышты күймен қарағаны ұнамайды. Оның үстіне біздегі стереотип - жалқауларға жан ашу. Оны киномен көрсеткен ұнайды. Жалпы мен киноның желісі өмірдегідей болсыншы деймін. Мұндай әр үйде, тіпті шетелдегі отбасыларында да бар. Отбасы жағдайы біздің өмірдің күйі. Өмірге жақын кино түсіру - басты мақсатым", - деп жазды актриса.

Тэгтер:

Актриса Дариға Бадықова