Әжім, қауіпті аурулар: бүкірейіп жүрудің қаупі қандай?

Бүгін, 18:45 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Дұрыс отырмау немесе бүкірейіп жүру тек эстетикалық кемшілік емес, ағзаға айтарлықтай зиян келтіреді, деп хабарлайды turkystan.kz vfokuse.mail.ru-ға сілтеме жасап.

Бүкірейіп жүргенде омыртқа маңындағы бұлшықеттер қысылып, жұлын жүйкелеріне қысым түсіреді. Соның салдарынан ішкі ағзалар «стресс режимінде» жұмыс істей бастайды. Бұл инсулинорезистенттілік, гипотиреоз, қан қысымының жоғарылауы және созылмалы қабынуларға себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар қан айналымы бұзылып, миға баратын қан көлемі азаяды. Нәтижесінде бас ауруы, әлсіздік дендеп, жұмысың өнбейді.

Бүкірейіп жүру сырт келбетке де әсер етеді. Косметологтардың айтуынша, ол беттегі әжімдердің ерте пайда болуына әсер етіп, теріні салбыратып жібереді.

Мамандар бұл мәселенің кең таралуын көбіне бір орында отыру және қозғалыстың аздығымен байланыстырады. Компьютер алдында отырғанда экран көз деңгейінде болуға тиіс.

Тэгтер:

әжім қауіп бүкір бүкірейіп жүру