Тарихи өзгеріс: Долларға Трамптың қолтаңбасы қойылады

Бүгін, 18:15 / Ербұлан Қайрат
сурет: X

Доллардың дизайнына тарихи өзгеріс енгізу ұсынылды. Жобаға сәйкес, Дональд Трамп қолтаңбасы алғаш рет доллар банкноталарына қойылмақ, деп хабарлайды turkystan.kz АҚШ Қаржы министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Бұл бастама АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай ұсынылып отыр. Жоспар жүзеге асса, қазіргі қолданыстағы жүйе өзгеріп, банкноттарда тек Қаржы министрінің ғана емес, ел президентінің де қолы пайда болады.

Айта кетейік, соңғы 165 жыл бойы америкалық банкноттарда қазынашылық өкілі мен қаржы министрінің қолтаңбасы ғана болған. Жаңа ұсыныс осы дәстүрді бұзуы мүмкін.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің пікірінше, бұл қадам елдің экономикалық жетістіктерін және тарихи кезеңін айшықтайды. Ал қазынашылық өкілі Брэндон Бич мұндай шешім ұлттық валютаның символдық мәнін күшейтеді деп санайды.

Дегенмен сарапшылар мұндай өзгеріс қоғамда қызу пікірталас тудыруы мүмкін екенін айтады. Өйткені АҚШ-та ақша дизайны саяси бейтараптықты сақтаудың маңызды элементі ретінде қарастырылады.

Тэгтер:

АҚШ Доллар Трамп