Ерванд Ильинский қызметіне жоғары баға берген Президентке алғыс айтты

Бүгін, 12:41 / Інжу Әлихан
Ақорда

Ерванд Ильинский атқарған қызметіне жоғары баға беріп, отандық альпинизмге айрықша көңіл бөлгені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Мұны Қазақстан альпинистер қауымы жеткен жетістіктердің мемлекет деңгейінде танылуы деп түсінемін. Шын мәнінде, біздің табысымызды шетелдік альпинистер де мойындайды. Осыған куә болғаныма қуаныштымын, – деді ұлттық құраманың тәлімгері.

Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды.