9 сәуірден бастап «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» бағыты бойынша тікелей жолаушылар қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Көлік министрлігінің мәліметінше, №122/121 «Астана – Семей – Астана» пойызының құрамына (тасымалдаушы – «Арай Транс KZ» ЖШС) екі вагон – 1 купелік және 1 плацкарттық вагон қосылады.
«Олар Ақтоғай станциясына келгеннен кейін бөлек пойыз құрамында Талдықорғанға дейін сапарды жалғастырады. Бұл жолаушыларға ешқандай ауысып мінусіз ыңғайлы сапар жасауға мүмкіндік береді.
Қозғалыс күн ара жоспарлануда», – делінген хабарламада.