Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ алғаш рет QS пәндік рейтингіне енді

Бүгін, 09:44 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті алғаш рет QS World University Rankings by Subject 2026 халықаралық пәндік рейтингіне енді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Университет «Agriculture & Forestry» («Ауыл және орман шаруашылығы») бағыты бойынша 351-400 аралығындағы орынға ие болды.

Бұл жетістік университеттің білім беру және ғылыми қызметінің сапасын, сондай-ақ халықаралық академиялық кеңістіктегі ұстанымының нығайып келе жатқанын көрсетеді.