Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде шетел валюталарының жаңартылған бағамы белгілі болды.
Kurs.kz деректеріне сәйкес, елордадағы айырбастау орындарында:
АҚШ доллары 479,00 теңгеден сатып алынып, 485,97 теңгеден сатылып жатыр;
еуро 553,01 теңгеден қабылданып, 563,00 теңгеден ұсынылуда;
Ресей рублі 5,61–6,01 теңге аралығында саудалануда;
қытай юані 71,57 теңгеден сатып алынып, 75,78 теңгеден сатылуда.
Ал Алматыдағы ақша айырбастау орындарында:
доллар 481,74–483,86 теңге аралығында;
еуро 555,25–560,81 теңге аралығында;
рубль 5,81–6,00 теңге шамасында;
юань 70,77–73,47 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Мамандардың айтуынша, валюта бағамы нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеріп отырады.