Екі дүркін әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлын жекпе-жекке шақырды

Бүгін, 08:05 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Кубалық кәсіпқой боксшы, әуесқойлар арасында екі дүркін әлем чемпионы Йоэнлис Эрнандес орта салмақтағы әлем чемпиондарымен жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Кәсіпқой рингте тоғыз кездесуінің барлығында жеңіске жеткен Эрнандес бұл туралы Fight Hype YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

Ол алдағы қарсыластары қатарында WBA чемпионы Эрисланди Лараны, WBC чемпионы Карлос Адаместі және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлыны көргісі келетінін жеткізді. Сондай-ақ IBF белбеуі иесі анықталғаннан кейін сол боксшымен де жұдырықтасуға дайын екенін айтты.

Біз кез келген чемпионмен, соның ішінде Әлімханұлымен де жекпе-жек өткізуге дайынбыз, - деді кубалық спортшы.