Қазақстанның 16 облысында бүгін, 27 наурызда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Жетісу облысы – солтүстік-шығыс жел, Алакөл аудандарында 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с күшіне жетеді.
Ұлытау облысы – тұман күтіледі, жел шығыс бағытта, таңертең және күндіз батыс пен солтүстік аймақтарда 15–20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысы – тұман, жел шығыс және солтүстік-шығыс бағытта, кей жерлерде 15 м/с, Қарағанда қаласында тұман байқалады.
Маңғыстау облысы – батыс, оңтүстік, орталық аймақтарда жаңбыр мен найзағай, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл, жел солтүстік-шығыс бағытта, 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысы – таулы аймақтарда күндіз найзағай, жел шығыс бағытта, 15–20 м/с.
Ақтөбе облысы – жел шығыс бағытта, кей жерлерде 15–20 м/с.
Атырау облысы – батыс аймақта тұман, жел шығыс бағытта, шығысында 15–20 м/с.
Жамбыл облысы – оңтүстік және таулы аймақтарда тұман, кей жерлерде шаңды дауыл, жел солтүстік-шығыс бағытта, 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с. Таразда түнде және таңертең тұман.
Алматы облысы – жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, таулы және шығыс аудандарда 18 м/с.
Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары – тұман, жолдарда гололед, кей жерлерде жел 15–20 м/с.
"Қазгидромет" тұрғындарды абай болуға, жолда сақтық сақтауға және ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға шақырады.