Қазақстандық танымал әнші Абай Бегей отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында сегізінші рет әке атанғанын айтып, көпшілікпен сүйінші сұрады.
«Сүйінші! Алланың қалауымен 8-ші рет әке атанып жатырмын! Дүниеге тәп-тәтті бесінші ханшайымым келді», – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары өнер иесін қуанышты жаңалығымен құттықтап, ізгі тілектерін жаудырды.